Thursday, 25 April,2024

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты: 3 адам қаза болды

Алмас Абылай
Фото POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды. Жантүршігерлік апат Отырар ауданында болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ішкі істер министрлігі ақпаратына сүйенсек, оқиға Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында болған. Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталуда.

Ұсынылатын