Friday, 17 May,2024

Түркістан облысының Түлкібас ауданында төтенше жағдай жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ауа райына байланысты Түркістан облысының Түлкібас ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Қазір облыстық маңызы бар автожолдарда көлік кептелісі жоқ. Жолда қалған жолаушылар «Тома» кафесінде, «Шақпақ ата» мешітінде және «Евроском» мекемесінің жылыту пунктіне орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. Аталған көліктер мен адамдар Қарақшы асуы мен Састөбе елді мекені қиылысына дейін және Жамбыл облысы шекарасына дейін жол тазаланып, ашылған кезде ғана шығады. Түлкібас ауданы әкімінің №11 шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды», -делінген Түркістан облысы ТЖД ұсынған ақпаратта.

Ұсынылатын