Түркістанда 11 жасар қыз суға кетіп, көз жұмды
Алмас Абылай
Фото
Түркістанда суға кеткен 11 жасар қыздың денесі «Арыс-Түркістан» каналынан табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан бес күн бұрын із-түссіз кеткен қыздың мәйітін құтқарушылар каналдан тапқан.
«Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 жеке құрамы, 1 квадрокоптер, 7 техникасы және жедел құтқару жасағының 5 сүңгуірі, 2 жүзу қайығы, 1 техникасы жұмылдырылды. Полиция департаментінен 20 адам, 4 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника көмекке келді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, каналға батып кеткен қыз 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де сыртқа ойнауға шығып, сол күйі үйіне оралмаған болатын.