Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап көз жұмды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Түркістанда зейнеткер көз жұмды. Ол лифт шахтасына құлап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Белгілі болғандай оқиға жаңа қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Істен шыққан лифт 5 қабатта тоқтап қалады. Ал зейнеткер бірінші қабаттағы жедел саты есігін ашып, ішіне кіремін деп шахтаға құлап кеткен.
74 жастағы әйелдің тоқтап қалған лифт есігін қалай ашқаны белгісіз.
"Жөндеу жұмыстарына байланысты барлық есіктер жабылды. Жәбірленушінің есікті қалай ашқанын біз анықтаймыз", - дейді Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Талғат Үсенбаев.