Friday, 22 November,2024

Түркістанда әріптесін бауыздап өлтірген қасапшыға сот үкім шығарды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Түркістандағы мал базарында жұмыс істейтін қасапшыға сот 11 жыл үкім кесті. 30 жастағы қаскөй өз әріптесін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Онда өз әріптесін бауыздап өлтірген ер адамның 11 жылға сотталғаны жазылған.

Айта кетейік, қанды қылмыс биыл ақпан айында болған еді. Мал союға таласып қалған екі қасапшы жұрттың көзінше төбелеседі. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген.

Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп санайды. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.

“ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын”, - деді марқұмның анасы.

Ұсынылатын