Monday, 9 December,2024

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің соты басталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ауыр қылмыс жасаған әйелдің сот басталды. Жауыз ана екі баласын кезек-кезек тұншықтырып өлтірген болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көптің жағасын ұстатқан қылмыс ақпан айында болған еді. Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі және төрт жастағы ұл мен қыздың мәйіті табылған болатын.

Оларды туған аналары тұншықтырып өлтірген. Кейіннен өзі қонақүйге кетіп қалған. Ауыр қылмысқа барған әйел сол жерден қолға түсті.

Әзірге бұл қылмысқа әйелдің күйеуіне ерегескеннен барды деген болжам бар. Сот отырысына марқұм балалардың әкесі жәбірленуші ретінде қатысып отыр.

Ұсынылатын