Түркістанда күйеуі әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған
Түркістан облысының Сайрам ауданында жантүршігерлік қылмыс болды. Отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Otyrar.kz жазуынша, күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан.
Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды екі жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен.
Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туылған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.
Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашык енген кесілген жарақаты. Сол жақ сан ортан бөлігі жарақаты диагнозы қойылған. Әзірше ресми орган бұл дерек бойынша ақпарат берген жоқ.