Түркістанда құдыққа түсіп кеткен қыз көз жұмды
Uaqyt.info

Түркістан облысында құдыққа түсіп кеткен 29 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алдын ала болжам бойынша, құдыққа қыз өз-өзіне қол жұмсау мақсатында түскен. Куәгерлердің айтуынша, марқұм қыз алкоголді мас күйде болған.
Оны құдықтан алып шығу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған еді.
Тіпті 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегі де жіберген. Бірақ құтқарушылар оны тереңдіктен алып шыққанымен, ол көп ұзамай жан тапсырды.