Saturday, 23 November,2024

Түрмеде сотталушыларға дәретхана жуу міндетті ме?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түрмеде жазасын өтеушілердің дәретхана жууы заңды ма? Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Соңғы уақытта Атбасар түрмесіндегі заңсыздықтар мен дәретхана тазалау мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Жанат Ешмағамбетов мұндай заң бар деп отыр.  

"Бізде Қылмыстық атқару кодексінде №121-ші бап бар. Әр сотталушы апта сайын екі сағат өзі қамауда отырған аумақты абаттандыру бойынша ақысыз жұмыс істеуге міндетті. Бұл тек санитарлық торапты жуу ғана емес, тазалық және бояу жұмыстарын да қамтиды. Аптасына екі сағат – кез келген режимдегі мекемеде әр сотталушының міндеті. Ол талаптарды орындамау – режимді қасақана бұзу. Оның жазасы Қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген – тәртіптік изоляторға жіберу", - дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ, ол сотталушының бұл талапқа бағынбауға хақы жоқ екенін еске салды.

Ұсынылатын