Sunday, 24 November,2024

Түрмеде зорланған трансексуал кімге өкпелі? Алматыдағы түзеу мекемелерінің бірінде шу шықты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыдағы ЛА 155/18 мекемесінде шу шықты. Сотталушылардың бірі жанындағы бір адамды өлтіріп, екіншісінің кеңірдегін кесіп тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Press.kz-тің жазуынша, аталмыш түзеу мекемесіне психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін қарағандылық Ж. есімді сотталушы келеді. Бірақ ол сотта өзінің транссексуал екенін айтып, басқа еркектермен бірге отырғысы келмегенін және  оны камераға жалғыз отырғызуды сұрапты. Бірақ қызметкерлер оны тыңдамаған. Транссексуалдың айтуынша, сотталушылар оны зорлап, ақша бопсалаған.

5 сәуірде камерада транссексуал, А. және Л. қалған. Нәтижесінде әлгі ориентирі бұзылған сотталушы Л.-дың кеңірдегін кесіп тастайды. Жараланған тұтқынды қызметкерлер ауруханаға апарған кезде транссексуал А.-ны тұншықтырып өлтірген. Осылайша өзін зорлағандардан кек алған көрінеді.

Ұсынылатын