Түрмедегі азаптау: ҚАЖ департаменті бастығы қызметтен шеттетілді
Ақмола облысындағы түрмеде азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспаөз қызметі хабарлады.
«Әлеуметтік желіде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемеде болған оқиға туралы видео жөнінде мынаны хабарлаймыз. Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша арнайы құрал пайдалану кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдалану белгілері байқалады. Жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия шешімімен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқарып отырған лауазымынан шеттеуге ұсынылды», - делінген ресми мәліметте.