Sunday, 24 November,2024

Түрмеден шыққан Қайрат Боранбаев қиын сәтте өзіне қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өз ырзашылығын Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Әріптестерім, достарым және серіктестерім! Кеше үйіме оралдым, ақырында отбасым мен достарыма қауышқаныма бақыттымын. Осы айлар бойы әрқайсыңыздың маған көрсеткен қолдауларыңызға шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Мені қолдауға деген әр бастамаларыңызды және маған айтқан әр жылы сөздеріңізді сездім. Менің жанымда ерекше адал, мейірімді және шынайы жандар жиналғанына тағы да көзім жетті.

Жылы лебіздеріңізге, қолдауларыңызға рахмет!

«Алмалы» холдингіміздің әрбір қызметкеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді. Осы жылдар бойы біз үлкен бір ортақ істі жүзеге асырып келдік және қиын сәтте мен мұның қаншалықты күшті, құнды және маңызды екенін сезіндім. Бәріміз бір үлкен отбасы секілдіміз. Бірлік болса, жаңа белестерді бағындыратынымызға, қол жеткізгеніміздің барлығын еселей түсетінімізге енді сенімім кәміл. Әрбір қызметкердің, қазақстандықтың және бүкіл елдің игілігі үшін біз әлеуметтік бағыттағы холдинг болып қала бермекпіз.

Барлығы үшін сіздерге алғысымды білдіремін!”, - деп жазды Қайрат Боранбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 6 жылға сотталған Боранбаев мемлекет меншігіне дүние-мүлкі мен қыруар қаражатын беріп бостандыққа шыққан болатын. Ол пробациялық бақылауда болады.

Ұсынылатын