Friday, 22 November,2024

Түрмеге 20 жыл бұрын қамалған маньяк ақталып шығуы мүмкін

Алмас Абылай
Фото 112

Челябинск маньягы аталып кеткен Александр Корочкин ақталып шығуы мүмкін. Полицейлер қылмыс қаруын тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ресейдегі атышулы Челябинск маньягы ақталатыны туралы 112 Тelegram-арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, оның жаза мерзімі аяқталуына небәрі 1 жыл ғана уақыт қалған. Александр 2004 жылы қамауға алынды. Ол жергілікті саябақта өлім жағдайы жиілеп кеткеннен кейін күдікке ілінген.

Қылмыскердің әр адамға шабуыл ізі бірдей. Яғни, ер адамдарды бірден өлтірсе, қыз балаларын зорлаған. Осылайша тергеушілер күдікті ізіне түсіп, ұстағанымен Александр өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесті.

Дей тұрғанымен ол қамалған соң да саябақта өлім тоқтамады. Адвокаттар осы күнге дейін оның кінәсіз екенін дәлелдеу үшін алысып келеді. Жақында полицейлер қайтыс болған аңшының үйінен тура сол жылдары жасалған қылмысқа қатысы бар қаруды тапты. Енді бұл іс жаңаша леп алуы мүмкін.

Ұсынылатын