Тұрсынбек Қабатовтың әйелі зәулім сарайын көрсетті
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова зәулім баспанасын көрсетті. 300 шаршы метр болатын үй Астананың қақ ортасында орналасқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жұлдызды отбасы тұратын баспананың видеосын Айзат Ерғали есімді желі қолданушысы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда ол Мөлдір Мұқановаға қонаққа келгенін және сол сәтті пайдаланып рум-тур ұйымдастырғанын жеткізген. Ал өз кезегінде Мөлдір 300 шаршы метр болатын баспанасын таныстырып жатыр. Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың үйінде бірнеше жуынатын және жатын бөлмелер бар. Қонақ күтетін бөлменің өзі ат шаптырымдай.
“Бүгін Мөлдірдің шаңырағында қонақтамыз. Бұл құтты шаңырақта қадірлі қонақ болу бұйырып тұр екен. Уақытымды бос өткізбей, 4 минутта, қонақтар келмей турып тез-тез түсірдік.
Бұл атақты, қаншама халықтың арманы болған Хайвл деген уй кешені, бизнес класс, тура орталықта орналасқан, Пирамида, Хазрет сұлтан мешітінің жанында тұрған ең алғашқы “умный дом” системасын біздің елге танытқан уй. 300 шаршы метр болатын зәулім сарай. Нағыз еңбек пен терден алынған ыстық ұя. Жұғысты болсын сіздерге де. Армандар орындалады, сеніңіз, - деп жазды Айзат Ерғали.
\