- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Түске дейін оятпаймын”. Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы ащы шындықты айтты
“Түске дейін оятпаймын”. Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы ащы шындықты айтты
Белгілі продюсер Гүлзиар Айдарбекованың отбасы халық үшін қашан да қызық. Ол келіндері туралы, соның ішінде Жұлдызға қатысты қойған оқырманының сұрағына былай деп жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Неге оның бәріне ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәрі тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі басы жеткенше істейді. Жоқ, әлде, "Гүлекең күн бермейді екен", "Ауызын ашып ұрысыпты" дегенді естідіңіз бе? Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз”, - деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.