Saturday, 23 November,2024

Тух-тух жоқ па? Швеция азаматының ел шекарасын кесіп өткен сәті қоғам талқысына түсті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Қазақстан шекарасын жеңіл көлікпен Ресей тарапынан кіріп, Ауғаныстанға бет алған туристің әрекеті қызу талқыға түсті. Желідегі жұрт шекара қызметкерінің оныңмен әңгімесін сөз қылуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбаны ЗТБ арнасы жариялады. Видеода шетел азаматының шекара қызметкерімен әңгімесін көруге болады. Онда сарбаз әлгі туристен заңсыз заттардың бар-жоғын сұрайды.

Ағылшынша сөйлесемін деген Швеция азаматына қызметкердің орысша ыммен түсіндірген әрекеті жұрт талқысына түскен.

Яғни есірткі, қару мен пышақ бар-жоғын білу үшін шекарашы баын салып әлек. Тіпті қаруды "тух-тух бар ма" деп сұрағанында байқайсыз.

Желідегі жұрт бұл жағдайға әр түрлі көзбен қараған. Бірі шекарада тіл білетін мамандар тұруы тиіс дегенді жазса, енді өзгелері керісінше ел аумағына кіргісі келген адам Қазақстанның мемлекеттік тілін меңгергені жөн дегенді алға тартыпты.

Ұсынылатын