- Басты жаңалықтар
- Әлем
- "Туысқандарыма сабақ болсын": Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың жиені жемқорлық бойынша ұсталды
"Туысқандарыма сабақ болсын": Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың жиені жемқорлық бойынша ұсталды
Қырғызстан Президент Садыр Жапаров жиенінің ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады. Сөзінше оның заңсыз әрекеті жақындары мен туысқандарына сабақ болуы керек, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Садыр Жапаровтың жиені жемқорлық бойынша ұсталғанын 24kg жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, жиені Ұлан Жапаров кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық істеріне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған. Ұлан Президенттің інісі Рақымжан Жапаровтың ұлы.
Бұл жағдайға байланысты көп ұзамай Қырғызстан президенті де мәлімдеме жасады. Ол жиенін еш ақтап алмайтынын айтуда. Тіпті дәл осы жағдай туысқандары мен жақындарына сабақ болуы тиіс деп отыр.
"Өзге туыстарыма сабақ болсын. Жемқорлыққа қатысы бар кез келген адам өз жазасын алуы керек. Екі еселенген мөлшерде айыппұлын төлесін де ақталып шықсын. Болмаса жазасын түрмеде өтейді. Егер мен жиеніме тиіспеңдер деп оны ақтап алсам, басқа туысқандарым есіретін болады. Сондықтан бір жазамен мыңға сабақ көрсетуге шешім қабылдадым", - дейді Президент.