Sunday, 24 November,2024

Тұздыбастау ауылының тұрғындары уәдесінде тұрмайтын әкімге ашулы

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының тұрғындары әкім Шыңғыс Толымбековке деген өкпелері қара қазандай. Сайланарда уәдені үйіп-төккен шенеунік берген сөзінен тайқып, елдің мұң-зарына мүлдем құлақ аспайтын көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Тұздыбастау тұрғыны Бану Дәулетбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда желі қолданушысы ауылдағы жарық, су мәселесінің жылдар бойы шешілмей келе жатқанына тоқталған. Ал сайланарда  “шешеміз” деп уәдені үйіп-төккен әкім қазір жауап бермек түгілі маңына да жолатпайды екен.

“Биыл аудан әкімдерін сайлаған кезде біздің Тұздыбастау әкімін сайлау шарттары бұзылғаны дәлелденіп, сайлау қайта өткен болатын. Сол жолы да жеңіп, сайланған әкім Толымбеков Шыңғыстың бағдарламасында біраз уәде бар-тын. Қазір түгел есімде жоқ, бірақ свет, су мәселесін шешетінін точно айтқан. Бірақ ол кісі келгелі де біраз болды, шешілген мәселе көрген жоқпыз. Жаз бойы ыстықта сусыз, қаңсып отырдық. Подрядчик дегені кім болса да, әкім солармен келісуі керек, сол мәселеерді шешуі керек!

Жаңа әкім бастық боламын деп емес, халыққа қызмет етемін деп келуі керек! Ал біздің ауылда әр тұрғын өз мәселесін өзі шешеді. Көше қараңғы, қаңғыған ит көп болған соң, тұрғындар бағана орнатты, тұрғындар ол бағаналарға шам орнатты. Әрең деп жатып әкімдіктің балансына алды. Енді соның шамдары күйген сайын ақша жинап ауыстырамыз. Өткенде ғана ауыстырған шамдарымыз күйіп кеткелі жатыр. ҚАзір жанып-өшіп, жанып-өшіп, замыкание болып жатыр. Тұрғындар әкімнің уатсабына жазып жатыр. Бірақ жауап қатқан әкім жоқ.

Талғар Ауданының Әкімдігі біз бір адам сияқты өмір сүретін күн бола ма?”, - деп жазды Бану Дәулетбаева.

Ұсынылатын