Friday, 20 September,2024

Uaqyt.info сайтына хаккерлік шабуыл жасалды

Алмас Абылай
Фото Uaqyt.info

Uaqyt.info ақпараттық сайтына хаккерлік шабуыл жасалды. Шамбайға тиген материалды құрту үшін тапсырыс берілген сияқты.

Ақпараттық сайтымыздағы соңғы бір айда жазылған жазбаның бірі қалмаған. Шамамен 500-ге жуық жаңалық көз алдымызда өшіп кетті.

Әзірге нақты кімнің мұндай қадамға барғаны белгісіз. Десе де сайт мамандары анықтап жатыр.

Жаңа да, әділетті Қазақстанда халықтың мұңын, елдің мәселесін ашық жазып жүрген ақпараттық порталымызға жасалған шабуыл алғашқысы емес. Бұған дейін Жаңаөзендіктердің елордадағы бейбіт шеруінде 2 күнге тұтас өшіріп тастаған еді.

Құрметті оқырмандар! Осы келеңсіздіктерге байланысты соңғы бір айда жазылған жаңалықтарымыз қайта қалпына келтіруге жарамсыз болып отыр.

Десе де, жұмыс мұнымен тоқтамайды. Сайт тілшілері өзекті жайттарды көтеруді бұдан әрі де жалғастыра бермек!

Ұсынылатын