Sunday, 24 November,2024

UFC шеберлері жабылып кәсіпкерді азаптаған

Алмас Абылай
Фото База

Тайландта Шешенстаннан шыққан UFC шебері Хусейн Асхабов пен оның егіз інісі ұсталды. Олар италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптап, тонады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Baza Telegram-арнасында жазылды. Онда күдіктілердің арасында Қазақстан азаматтары да бар екені айтылады.

Тергеу нұсқасы бойынша, 3 қыркүйекте бірнеше ер адам кәсіпкердің вилласына басып кіріп, оны түнімен азаптаған. Полиция қаскөйлер кәсіпкерді ұрып-соғу кезінде тіпті үтік қолданғанын да алға тартып отыр. Олар үйден 40 мың еуро қаражат, бірнеше қымбат сағат пен техника және кәсіпкердің төлқұжатын ұрлап кеткен.

Тайландтық тергеушілердің мәліметінше, қылмыскерлер арасында ағайынды Асхабовтар мен Қазақстанның бірнеше азаматы болған. Күдіктілер ұсталды. Олардың сыбайластары, алдын ала мәлімет бойынша, жасырынып үлгерген.

Ұсынылатын