Sunday, 8 September,2024

Ұялы телефон арқылы соғылған алғашқы қоңырау осыдан тура 50 жыл бұрын тіркелген

Алмас Абылай
Фото Вbc.com

Америкалық ғалым Марти Купер осыдан 50 жыл бұрын алғаш рет ұялы телефон арқылы қоңырау соқты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Вbc сайты жазды. Дерекке сүйенсек, 1973 жылдың 3-сәуірінде әлемде ұялы телефоннан алғашқы қоңырау соғылған. Телефонды Motorola компаниясы жасап шығарды.

"Нью-Йорк қаласындағы көшелердің біріне шығып Bell Laboratories компаниясына хабарластым. Ол бізге бәсекелес өндіріс орны еді. Тұтқаны көтерген сәтте “Джоэл, мен саған ұялы телефонмен қоңырау шалып тұрмын” дедім. Сол сәттегі тыныштық пен оның ішкі сезімін айтып жеткізу қиын еді", - деп еске алады 94 жастағы Марти.

Дәл сол жылы бәскелес компания автомобильдерге арналған телефон шығару үшін барын салып жатқан кезі болатын. Десе де Мартидің қолындағы телефон олардың сызбасынан мүлде бөлек еді. Аппарат тек 30 минуттық әңгімеге жететін. Ал батареясын қайта қуаттау 10 сағат уақыт алды. Және бұрышында 15 сантиметр болатын антенна тұрды. Телефон араға 11 жыл салып, 1984 жылы ғана сатылымға шыққан. 

Ұсынылатын