Saturday, 5 October,2024

“Ұят болып кетті”. Баспанасы жоқ хит имам мешітте тұрып жатыр

Алмас Абылай
Фото nurlanimam.kz

Ерекше уағыз айту мәнерімен елдің ықыласына бөленіп жүрген Нұрлан имам қазіргі таңда отбасымен мешітте тұрып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Нұрлан Байжігітұлы uaqyt.info тілшісіне берген сұхбатында айтты. Көпбалалы әкенің айтуынша, ол отбасымен мешіттің ауласындағы кішігірім ғимаратта өмір сүріп жатыр. Осыны естіп, дін өкіліне үй алып берейік деген жомарт жандар да табылыпты. Бірақ Нұрлан имам одан бас тарттым дейді.

“Үйсіз жүргенімді елдің барлығы айтып жатыр. Ұят болып кетті. Халықтың ішінде жүріп жатырмыз, үйге мұқтаж емеспін. Ата-анамның зәулім үйі бар. Ал өзіме келетін болсақ, бала-шағаммен мешітте тұрып жатқанымыз рас. Мешіттің ауласында кішігірім үй салынған. Сол жерде өмір сүріп жатырмыз. Үйсіз жүргенімді қалталы жігіттер естіп, көмек қолын созбақшы болды. Бірақ мен бас тарттым. Үйсіз-күйсіз жүрген қаншама отбасы бар, соларға көмектессін. Құдай алдында ең қайырлысы сол болады. Ақша жинап үй алып берейік дегендер де табылып жатыр. Мен оларға қажеті жоқ деп айттым, - деді Нұрлан имам.

Ұсынылатын