- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Ұят қайда?” Автокөлік жарнамалаудан қолы тимейтін Азамат Сатыбалды сынға қалды
“Ұят қайда?” Автокөлік жарнамалаудан қолы тимейтін Азамат Сатыбалды сынға қалды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды әріптесінің сынына қалды. Актер Қуандық Дүйсебаев автокөлік жарнамалаудан қолы тимейтін Азамат Сатыбалдыны қызметтік этиканы ұстануға шақырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қуандық Дүйсебаев өз пікірін Facebooк-тегі парақшасында жариялады.
«Мен бүгін бір адамға қатты таңқалып отырмын. Ол Қазақфильм киностудиясының басшысына. Азамат Сатыбалдыұлы, сізде кішкене қызметтік этика бар ма? Сіз білдей бір киностудияның президентісіз. Таңнан кешке дейін автокөлікті жарнамалайсыз. Ұят емес пе?» деді Қуандық Дүйсебаев.
Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бұл қызметке 2023 жылдың шілде айында тағайындалған болатын. Ол ASPAN MOTORS компаниясының амбассодры ретінде компанияның көліктерін жарнамалаумен айналысады. Оның Instagram әлеуметтік желісінде 700 мың оқырманы бар.