Saturday, 23 November,2024

Ұяты оянды ма, әлде жауапкершіліктен қашты ма? Ішіп алып көлік жүргізген депутат мандатынан бас тартпақ

Алмас Абылай
Фото instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Ақтөбеде ішімдік ішіп көлік жүргізген қалалық мәслихаттың депутаты Сания Мұратова мандатынан бас тарту үшін сайлау комиссиясына арыз түсірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сания Мұратова өз мандатынан бас тартатынын айтып, кеше арыз жазды. Заң бойынша депутат 8 түрлі себеппен өз өкілеттілігін тоқтата алады. Шетелге немесе басқа аймаққа көшіп кетсе, ҚР азаматы болмаса, депутаттық қызметін атқармаса, қылмыстық жауапқа тартылып, жазаланса, сот шешімімен мандатынан айырылса да қалалық мәслихатқа ұсыныс жіберіледі. Шешімді қалалық мәслихат қабылдайды",- дейді Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дина Қалмағамбетова.

Айта кетейік, Сания Мұратова бұған дейін мас күйінде рульге отырып, жол-көлік ережесін бұзған. Полиция депутатқа әкімшілік кодекстің "Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" және "Көлік құралын мас күйде жүргізу" баптары бойынша хаттама толтырғаны да жазылды. Алайда іс әлі сотқа түспеген.

Ұсынылатын