Үйір-үйір жылқыны қала көшелерімен айдағандар жауапқа тартылды
Қаскелеңде жылқыларды қала көшелерімен айдағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көліктерге кедергі келтіріп, Қаскелеңнің орталық көшелерінің бірімен жылқы айдағандардың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Облыстық ПД Алматы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кінәлі үш адам анықталған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Дерек аудандық полицияда тіркелді. Іздестіру жұмыстары барысында Қарасай ауданы ПБ ЖПҚБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі (аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша үш азаматты анықтап , әкімшілік жауапкершілікке тартты»,- деді баспасөз қызметіндегілер.