Friday, 22 November,2024

“Үйір жылқы, бір отар қойымыз бар”. Күйеуіне тоқал іздеген әйел қызу талқыланды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Ғаламторда күйеуіне тоқал іздеген әйелдің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда орта жастан асқан әйел күйеуіне тоқал іздеп жүргенін айтқан. Бәйбішенің тіпті тоқалға қоятын талаптары да ерекше.

«Арық қыздар армандамай-ақ қойсын. Маған жаңа піскен бауырсақтай топ-томпақ қыздар керек. Бірінші шартым: 5 жыл фазендада өмір сүреді, 1 отар қой, бір үйір жылқы, 80-90 бас байланып тұрған ірі-қара бар. Барлығын қазақтың жөн-жоралғысымен жасаймыз, некесін қыдырамыз», - дейді видеодағы әйел.

Алайда желі қолданушылары ониң тоқал емес, мал бақтыратын малай іздеп жүр деп түрлі пікір жазып жатыр.

Ұсынылатын