Friday, 22 November,2024

"Үйленгелі стрестен 5 келіге арықтады". Ерке Есмахан күйеуі туралы сырды ашты

Алмас Абылай
Фото instagram.com/erke_esmahan/

Белгілі әнші Ерке Есмахан қазіргі күйеуінің үйленгелі 5 келіге салмақ тастағанын жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әнші Раймның салмақ тастағанын әлеуметтік парақшасында жазды. Оқырмандарының сұрағына жауап беруді әдетке айналдырған Ерке Есмахан соңғы күндері отбасылық өмірдің сырларын жиі ақтаратын болған.

"Үйленгелі стрестен 5 келіге арықтады.  Одан концертпен бір ай жүріп, тағы салмақ тастады. Енді семіртемін деп отырғанымда Ораза басталды. Екеуіміздің де семіруден арықтауымыз тез. Үйленгенімізге екі ай болды, ұят тіпті. Ал, көмектесіңдер", – деп жазады әнші.

Еске салайық, бұған дейін ол Райммен 5 жыл бойы таныс болса да, неліктен осы уақытқа дейін көңіл қоспағанын айтқан еді.

Ұсынылатын