Tuesday, 26 November,2024

Тастап кеткен ата-анасы үйлену тойына келгенде ер жігіт еріксіз жылап жіберді

Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info

Үйлену тойы кезінде ер жігітті тастап кеткен ата-анасы құттықтап келді. Тіпті бұл сәтке ол жылап жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан екі жастың тойхана төрінде тұрғанын байқайсыз. Бір кезде ер жігіт көзіне жас алады. Артынша кіре берістегі ата-анасын құшағына басқан.

"Бұл жігітті асырап алған екен. Тойына туған ата-анасы құттықтап келген сәті", - деп жазылған бейнежазбаға.

Жігіттің бұл әрекетіне желідегі жұрт түрлі пікір қалдыруда.

"Көз жасы еріксіз кетіп қалады екен". "Әкесінен аумай қалыпты". "Туысқандары асырап алған шығар. Әйтпесе қалай әкесі де, анасы да бар". "Тапқан ана емес,баққан ана деген". "Бұлардың өмірі бір кино болыпты ғой", - деген жазбаларын жазған желідегі жұрт.

Ұсынылатын