Saturday, 23 November,2024

Үйлену үшін қыз алып қашқан екі жігіт 7 жылға сотталып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Таразда 2 жігіт 7 жылға темір торға қамалды. Олардың қыз алып қашамын деген әрекеті осылайша өмірлерін күл талқан етіп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Прокуратура дерегіне сүйенсек, Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталған. Олар жыл басында үйлену үшін қыз алып қашпақ болған. Бірақ жоспарлары нәтижесіз аяқталып отыр.

2022 жылдың көктемінде «Ж» есімді азамат ортақ таныстары арқылы «А» есімді азаматшамен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда осыған қарамастан, «Ж» есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған.

Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады. 21.09.2023 жылы Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұсынылатын