Saturday, 23 November,2024

“Үкімет отсавкаға кетсін!” Ақын Арман Бердалин Тоқаевқа дат айтты

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Белгілі ақын Арман Бердалин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дат айтты. Ол өз жұмысын дұрыс атқара алмай отырған Үкіметті сынаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өз датын ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. 

“Президент мырза! Ормандай қалың ел түгілі, қалың орманды қорғап қала алмаған Үкімет отсавкаға кетсін! Ісі шала министрлер, коммерсант әкімдер, дауыс ұрлайтын депутаттар халықты қырып бітті-ау", - деп жазды Арман Бердалин.

Ақынның бұл жазбасына желі қолданушылары да түрлі пікір жазып жатыр.

“Арыста жарылыс болды, су басты, батыста жұт болды, вирус келді, Қостанайда өрт болды, Семей өрті келді, бірақ Үкімет дайын емес! Олар сонда ай қарап жүр ме?”, “Орман өртеніп жатса, Тоқаев келеді деп жол жөндеп жатыр екен ғой. Шіріген билік-ай”, “Жемқор, парақорлардың жазасын күшейтпей ешнәрсе өзгермейді”, “Кетсін барлығы отставкаға”, - деп жазды желі қолданушылары.

 

Ұсынылатын