- Басты жаңалықтар
- Саясат
- “Үкімет отставкаға кетсін!” Санжар Боқаев елдегі қымбатшылыққа қатысты пікір білдірді
“Үкімет отставкаға кетсін!” Санжар Боқаев елдегі қымбатшылыққа қатысты пікір білдірді
Саясаткер Санжар Боқаев жақында өткен ауыс-түйістерге қатысты өз ойын жеткізді. Оның айтуынша, ескі кадрлардан халыққа келетін ешқандай пайда жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Санжар Боқаев бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Онда саясаткер елдегі қымбатшылыққа қынжылыс білдіріп, осыған жол беріп отырған Үкіметті сынаған.
“Жанармай, газ, дизель қымбаттайды деп неге сайлаудың алдында айтпадыңыздар?! Соны біле тұра сайлауды өткізіп алып, енді жымиып бізге айтып отырсыздар. Енді соның кесірінен азық-түлік, тауарлардың барлығы қымбаттайтын болады. Менің ойымша, бұл Үкімет толығымен отставкаға кетуі керек! Неге десеңіздер ескі министрлердің барлығы орнында қалды. Олардың жұмысынан ешқандай нәтиже көріп отырғаным жоқ”, - деді Санжар Боқаев.
Сондай-ақ ол жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алатын Қазақстанда ет тапшылығының болуы тікелей Ауылшаруашылық министрінің салғырттығы дейді.
“Еттің бағасы анау, ет жетіспейді. Сырттан сатып алып отырмыз. Жер көлемі бойынша 9 орындамыз деп мақтанамыз. Ал 84 орында тұрған Беларусияны алып қарайықшы, етті үйіп-төгіп өндіріп отыр. Бұл масақара ұят жағдай. Өзімізді азық-түлікпен, етпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Осындай нәтиже бола тұра, біз сол Ауылшаруашылық министрі Қарашөкеевті қайтадан өз орнына тағайындадық. Бұл Үкіметтен оң өзгерістер күтудің қажеті шамалы”, - деді саясаткер.