Үкімет отставкаға кетті
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
29 наурыз күні ел Үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәйкес қаулыға қол қойды деп хабарлайды Уақыт.кз.
Қаулыға сәйкес қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін атқарады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген қаулы мәтінінде.