Thursday, 19 September,2024

Үкімет Семей қаласының желілерін жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге ҚР Үкіметінің резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.

Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.

Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.

Ұсынылатын