Sunday, 8 December,2024

"Украина әскері мықты елге айналды". Вагнер жетекшесі Пригожин басқыншылық әрекеттің кері кеткенін мойындады

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

ЧВК "Вагнер" әскери ұйымының жетекшісі Евгений Пригожин Украинаны ұлтшылдардан тазартамыз деген әрекеттері кері кеткенін мойындады. Тіпті ол Украинаны қазір әлемдегі ең мықты әскері мен қару жарағы бар мемлекетке айналғанына да тоқталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек "Вагнер" жетекшісі Ресей белсендісіне сұхбат берген. Бірақ өз әңгімесіне Пригожин басқыншылық әрекеттің толықтай кері кеткенін мойындайды. Сөзінше денацификации мен демилитаризациясы сыр бере бастапты.

"Біз баса-көктеп кіріп келдік. Ұлтшылдардың көзін жоямыз деп Киевке дейін бардық. Бірақ дәл сол жерде қарсылыққа тап болдық. Тіпті шамамыз жетпей кері шегіне бастадық. Одан Херсоннан айырылдық. Көп ұзамай Изюм мен Лиманды да беріп қойдық. Осылайша екпініміз басыла берді. Біздің басқыншылық әрекет Украинаны бір жұдырық болуға жұмылдырды. Қазір бүкіл әлем халқы Украинаны жақсы біледі. Сондай-ақ, алғаш басып кіргенде Украинаның 500 танкісі болса, қазір оларда 5 мың танк бар. Соғыс машығын меңгерген 20 мың әскері болса, 400 мыңға жетті. Енді ойлаңыз, біздің ұлтшылдарды жоямыз деген әрекет салдары не болғанын", - дейді Пригожин сұхбатында.

Сондай-ақ, ол өз әңгімесінде Ресейдің бүкіл билігін сынға алған.

Әзірге оның бұл әңгімесіне Мәскеу билігі үн қатқан жоқ.

Ұсынылатын