- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Украина мен Ресей соғысы: Майдан даласында қаза болғандар мен жараланғандар саны жарты миллионға жуықтаған
Украина мен Ресей соғысы: Майдан даласында қаза болғандар мен жараланғандар саны жарты миллионға жуықтаған
Ресейдің Украина жеріне басып кірген бір жарым жылы ішінде майдан шебінде жарты миллионға жуық сарбаз қайтыс болған және жарақат алған. Бұл екі тараптың да тек соғыс даласында жоғалтқан адамдары, деп хабарлайды Uaqyt.info.
New York Times дерегіне сүйенсек, бұл сан тек соғыс шебіндегі есептелген адамдар қатары ғана. Одан бөлек көз жұмған, жарақат алған бейбіт тұрғындар қатары бұл тізімге енген жоқ. Жалпы мәліметте Ресей тарапы көп сарбаз жоғалтқаны айтылады. Яғни 120 мың солдатынан айырылып, тағы 170-180 мың адамы жаралы қайтқан. Ал Украина 70 мың жауынгерінен айырылған болуы мүмкін, жараланғандар 120 мыңға жуықтайды.
Дей тұрғанымен екі тарап та әзірге нақты мәлімет жариялаған емес. Соңғы рет Ресей билігі былтыр 6 мыңдай ғана сарбазы өлгенін мәлімдеген. Дей тұрғанымен ақпарат құралдары да соғыстағы адам шығынын есептеуге тырысып келеді. BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" соғыста қаза болған 30 мың Ресей азаматының аты-жөнін анықтаған. Зерттеушілер қаза болғандар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Өйткені бір Евгений Пригожиннің өзі Бахмутты басып алу кезінде "Вагнердегі" 20 мың адамынан айырылғанын айтқан.