Saturday, 5 October,2024

Украинада "Ресей", "Мәскеу" сынды аталмыш елмен байланысты сөздерді кіші әріппен жазуға рұқсат берілді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Украинадағы Тіл стандарты жөніндегі ұлттық комиссия "Ресей" және Ресей Федерациясымен байланысы бар сөздерді кіші әріппен жаза беруге рұқсат берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, енді бұлай жазу "ережеден ауытқу" деп танылмайды, алайда бұл әзірге "бейресми сипаттағы" мәтіндерге қатысты болып тұр.

Яғни комиссияның бұл шешімі "украин халқының мемлекет тәуелсіздігі үшін батыл күресін ескере отырып" қабылданғанын түсіндіруде.

Осы шешім аясында "Ресей", "Мәскеу", "Ресей Федерациясы", "Московия", "Ресей империясы", және тағы басқа бірқатар сөздерді кіші әріппен жаза беруге болады.

Ұсынылатын