Saturday, 23 November,2024

Украинадағы соғыс: Мариуполь түбінде Ресей әскері Қадыров жасағымен атысты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Украинаға басып кірген Ресей тарапы өзара қақтығысып қалды. Тіпті олардың келіспеушілігі қару қолдануға дейін барып, салдарынан бейбіт тұрғындар көз жұмып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Настоящее время дерегіне сүйенсек, атыс Мариуполь түбіндегі Урзуф ауылында болған. Қадыров жасағы Ресей әскерімен сөзге келе алмай арты атысқа ұласып отыр. Салдарынан 7 бейбіт тұрғын мен 4 ресейлік сарбаз қайтыс болғаны айтылуда.

Шешенстан билігі бұл ақпаратты теріске шығаруда. Министр Ахмад Дудаев шешен халқының бірде-бір өкілінің болған оқиғаға қатысы жоқ деп мәлімдеген.

Украина мәліметіне қарағанда, Шешенстан бөлімшесінің солдаттары Азов теңізінің жағасындағы Урзуф селосына демалысқа келген. Сол жерде әскери комендатурамен жанжал болған. Тіпті бір-бірінің погондарын жұлып, артынша атысқан. Украина билігі өлгендер арасында кәмелетке толмаған екі қыз барын хабарлады.

Ресей тарапы басып алған өңірге тағайындаған басшысы Иван Топузов атыстың болғанын растаған. Қазіргі уақытта тергеу комитеті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.

Ұсынылатын