Monday, 16 September,2024

Украинаның Ресеймен соғысы: Мәскеу аспанына алты күннен бері дрондар тыныштық берер емес

Алмас Абылай
Фото ВВС

Мәскеу көгіне алты күн бойына ұшқышсыз аппарат тыныштық берер емес. Тіпті Ресей билігі бәрін құлатып үлгере алмауда. Салдарынан бірқатар ғимаратқа зақым келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, Мәскеу-сити мұнарасына 4-ші рет дронд жарыла жаздаған. Воротынский, Ангарский, Химка, Митино сынды ықшам аудандарда дабыл белгілеріне дамыл болмай тұр. Жарылыс дауыысы түнгі 2:50-де естілген.

Қала мэрі Сергей Собянин бір дронның құрылысы жүріп жатқан ғимаратқа зақым келтіргенін хабарлады. Бір түн ішінде 3 ұшқышсыз аппарат залалсыздандырылған.

Дрондар тоқтатылғанымен оның қалдықтары тұрғын үйге зиянын тигізуде. Соңғы мәлімет бойынша Химки ықшам ауданында ғимарат қабырғасы зақымдалып, жеке тұрғын үй қираған.

Әзірге дрондар шабуылынан жарақат алған халық жоқ. Бірақ жергілікті жұрт үрейге бой алдырды.

Ұсынылатын