Saturday, 23 November,2024

Украинаның Ресеймен соғысы: Путин анексиялап алған өңірлерді бір жылдығымен құттықтады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресей Президенті Владимир Путин Украинадағы аннексиялап алған өңірлерді айтулы күнімен құттықтады. Яғни олардың өз алдына республикамыз жариялағанына тура бір жыл болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Путиннің құттықтауын шетелдік БАҚ жазуда. Онда Ресей президенті бір жыл бұрын "тарихи және тағдыршешті" оқиға болғанын атап өтіп, Донбасс, Херсон, Запорожье облыстарының тұрғындары "атамекендерін өз еркімен таңдады" деп мәлімдеді.

Путиннің сөзінше, Запорожье және Херсон облыстарында және өздерін республика жариялап алған "ДХР" мен "ЛХР"-да болған референдумдар "халықаралық нормаға сәйкес өткен".

Дей тұрғанымен әлем елдері Ресейдің Украина аймақтарын өзіне қосып алу туралы референдумын мойындаған жоқ.

Айта кетейік Путин 2022 жылы Украинаның төрт аймағының аннексиясын тойлау туралы заңға қол қойған. Ол 30 қыркүйекке белгіленді. Яғни дәл осы күні Ресейде жұрт демалады.

Азаттықтың жазуынша 29 қыркүйек кешке Мәскеуде Қызыл алаңда әскери митинг-концерт өткен. Оған Путин қатысып, сөз сөйлейді деп айтылғанымен, алайда шараның басталуына бірнеше сағат қалғанда Кремль "президент шараға бармайды" деп мәлімдепті. Ақпарат құралдарының жазуынша, концерттен трансляция жасалмаған, ал федералдық арналар олар туралы бағдарламаларында айтпаған.

Ұсынылатын