- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Ұлдарға жаным ашып кетті". Боз кілемде балаларды бет қаратпаған кішкентай қызға жұрт риза болды
"Ұлдарға жаным ашып кетті". Боз кілемде балаларды бет қаратпаған кішкентай қызға жұрт риза болды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте кішкентай қыздың боз кілемде балалармен күрескен бейнежазбасы тарады. Тіпті жұрт оның өнерін жоғары бағалауда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода жас қыздың жігіттерді шетінен жерге құлатып жатқанын байқайсыз. Тіпті кейбірін мойнынан асыра лақтыруда.
Қыздың бұл өнеріне риза болған жұрт көп. Басым бөлігі оның болашақ чемпион екенін жазса, енді өзгелері жақсы тілектерін қалдырыпты.
"Қызымыздың рухы мықты, жүрегі түкті, жеңіске деген сенімі нық екен". "Әлем чемпионы болғайсың, батыр қыз". "Жеңілген балаларға жаным ашып кетті". "Ботақан бағың жансын, әлемдік деңгейде өнеріңді көрсет", - деген жылы лебіздерін жазуда желідегі жұрт.