Ұлдың қиянаты ма? АҚШ-та Байденге тексеру жүргізілмек
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
АҚШ Президенті Джо Байден тексеріледі. Палата өкілдері импичмент жариялау жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ВВС жазды. Онда Конгресс Байденге импичмент жариялау мақсатында тергеу бастағаны айтылады. Яғни АҚШ Байден америкалықтарға өз отбасының бизнесі туралы ештеңе білмейтіні туралы өтірік айтқан.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері республикашыл Кевин Маккарти Палата комитеттеріне АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденге қарсы импичмент процедурасы аясында тергеуді бастауды тапсырды.
Өйткені Джо Байден ұлы Хантердің шетелдегі іскерлік қызметі туралы білмейтіні туралы жұртшылыққа жалған ақпарат берген болуы мүмкін.