Friday, 20 September,2024

Үлгі болса екен: Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыға үй алып берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркістанда мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер мұқтаж отбасыға үй сыйлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Абай және Б.Садықов атындағы мектептерді 20 жыл бұрын бітірген түлектер мұқтаж отбасыға ерекше сый-құрмет көрсетті. Олар отбасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыға үй берді.

Бұдан бөлек ортадан ақша шығарып, үйге керекті техникалық заттармен де қамтамасыз етті. Осылайша мектепті 2003 жылы бітіргендер келесі эстафетаны өзінен кейінгілерге табыстады.

Ұсынылатын