Friday, 18 October,2024

Ұлтшылдықты тұншықтыру ма? Қарағандыда орыстарды өлтіру керек деген тұрғынды қамап тастады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағанды соты 32 жастағы тұрғынды "ұлттық алауыздық қоздырды" деген күдікпен екі айға қамады. Ол желіде "Қазақстанда орыстарды өлтіру керек, мұсылмандықты қабылдамағандарды адам деп есептемейтінін айтқан" видео жариялаған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Журналист Михаил Козачков Тelegram-арнасында күдіктінің Павлодар облысының тумасы Мейірбек Мукин екенін, әрі ол осыған дейін қарақшылық үшін сотты болғанын жазады.

Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 174-бабына онлайн-платформаны пайдаланып араздық туғызатын мәлімдеме үшін жауапкершілік енгізген (бұған дейін БАҚ пен телекоммуникация желілері арқылы алауыздық тудыру болған – ред.). 10 қыркүйектен бастап заң күшіне енген. Осыған дейін халықаралық ұйымдар "174-баптың бұлыңғыр тұстары көп, мұны әртүрлі пиғылда пайдалануға болады" деп сынап келген. Кейінгі бірнеше жылда Қазақстанда ондаған белсенді, блогер, түрлі діни қауымдастық өкілдері аталған бап бойынша сотталды.

Ұсынылатын