Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров үйқамаққа алынды
Алмас Абылай
Фото primeminister.kz
Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады,деп хабарлайды Uaqyt.info.
"10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы басшысының күдікті И.Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасарымен келісілген өтініші келіп түсті. Жоғарыда аталған өтініш қанағаттандырылып, күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 10 маусымына дейін бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ілияс Өсеров бұл қызметке 2022 жылдың мамырында тағайындалған болатын.