Friday, 22 November,2024

Ұлттық компанияның ірі мөлшерде металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

21 сәуір күні Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978ж.т., 1984ж.т., 1988ж.т., күдіктілерді анықтап, ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Ұсынылатын