Monday, 25 November,2024

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы өмірден озды

Алмас Абылай
Фото ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы, әскери қайраткер, арнаулы мемлекеттік органдар ардагері, генерал-лейтенант Болат Баекенов көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы хабарды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жеткізді.

"Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Болат Әбдірахманұлы1942 жылы 21 қарашада Орал қаласында дүниеге келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 жылдың шілдесінен бастап ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды. 1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі, 1997 наурызда - Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті күзет қызметі бастығы болып тағайындалды.

2001 жылы құрметті демалысқа шыққан.

Ұсынылатын