- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Ұлттық қордан 18 жасқа толғанша берілетін ақша: Бала қайтыс болса қаражатты Үкімет кері қайтарып ала ма?
Ұлттық қордан 18 жасқа толғанша берілетін ақша: Бала қайтыс болса қаражатты Үкімет кері қайтарып ала ма?
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Ұлттық қордан әр балаға 18 жасқа дейін бөлінетін қаражат алда-жалда қайғылы жайт болса қалай есептеледі? Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Министрге алда-жалда бала кәмелет жасына толмай өмірден озса оның есепшотындағы ақшаны мемлекет кері қайтарып ала ма, жоқ ата-ана туыстарына беріле ме деген сұрақ қойылды. Ол бұл мәселе қарастырылып қойғанына тоқталды.
"Біз алғашында тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруды көздейтін норма болды. Содан кейін (бала қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордан оған берілетін қаржы – авт.) ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деген шешімге келдік", - деді министр.
Сондай-ақ министр бұл ақшаны тек баспана алуға немесе жоғары білім алу мақсатында жұмсауға болатынын атап өтті.