Monday, 20 May,2024

Ұлттық құндылықтар ұрпақ бойына ұлылар мұрасымен дәріптелді

Uaqyt.info
Фото

"Ыбырай Алтынсарин мұралары—заманауи білім кеңістігінде". Дәл осындай тақырыппен Алматы облысы Шонжы ауылындағы «№1 Шонжы мектеп-лицейі» КММ-сінде аудандық конференция өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Наурыздың 5-і күні ұйымдастырылған шараның мақсаты - Ыбырай Алтынсарин мұралары арқылы құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру, ұлт идеалдары, сенімі, моральдық-адамгершілік негіздерін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Конференцияға аудандық білім бөлімінің басшысы Құрманалиева Мөлдір Ахметжанқызы, арнайы шақырылған "Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі" басшысы - Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы,  Назарбаев Университетінің Жоғарғы білім мектебінің докторанты - Букутова Әсемгүл, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің (NUGSE) көптілді білім беру саласындағы магистранты Айзат Арыстанбек қатысты.

Сонымен қатар, халыкаралық қатынастар және саясаттану бакалавры, мемлекеттік саясат магистрі дәрежесі бар НУ түлегі және CARCEIT-те ғылыми қызметкері Гүлбағира Төлеу, ҚР Оқу ағарту министрлігінің қоғамдық кеңес мүшесі, "PEDSOVET" инстаграм  каналының қалаушы – Станислав  Кауров, аналар кеңесі төрағасы- Аликеева Гулжахан Какишевна, Ұйғыр аудандық мәслихат депутаты - Болатұлы Нұрсұлтан және ауданымыздың құрметті азаматтары келді.

Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру барысында жасалған конференция жоғары деңгейде өтті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @adilordis

Ұсынылатын