Ұлттық құрама боксшылары болашақ чемпиондармен кездесті
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Астанадағы №3 олимпиадалық резерв мектебінде шеберлік сағатын өткізіп, жастарға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кездесуді олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Мақсат Қадырбаев ұйымдастырған. Онда Қамшыбек Қоңқабаев, Сабырхан Махмуд, Нұрбек Оралбайлар спорттағы тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бокстың қыр-сыры туралы айтты.
Журналист Аслан Қажен осындай кездесулер балаларға үлкен мотивация беретінін айтады.
“Елордадағы №3 олимпиадалық резерв мектебінің жаттығуы бүгін ерекше форматта өтті. Дайындыққа ұлттық командамыздың өкілдері келіп, шеберлік сағатын өткізді. Балалар аң-таң. Енді олар бұл кездесуді ешқашан ұмытпайды және дәл осы ағалары сияқты әлемдік аламандарда топ жаруға тырысады”, - деп жазды Аслан Қажен.