Saturday, 19 April,2025

Ұлы дала баласы тағы қамалуы мүмкін: Алматыда Төреғалидің соты өтті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыда Төреғали Төреәліге қатысты сот отырысы өтті. Әнші билік өкілін қорлау бабымен айыпталуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы өтті. Қалалық соттың баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, Төреғали Әлихановқа қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша қаралуда.

Заңға сәйкес билік өкілін қорлағандар 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Еске салайық, бұған дейін әншінің қала көшесінде көлік тізгінінен түспей, жақындаған полицейлерге ауыр сөздер айтқан бейнежазбасы тараған еді.

Ұсынылатын